
Бұл Readon TV Movie Radio Player бағдарламасы бүкіл әлемдік теледидар каналдары мен радиолардың жиынтығы. Мұннан сіз 2 миллиондай каналдарды тамашалай аласыз. Мұнда өзіміздің Қазақстанның Ел Арна, Қазақстан, Ктк сынды каналдарыда бар, және әлем радиоларын, оның ішінде қазақ радиоларын да тыңдай аласыз. Бұл бағдарламадағы ТВ каналдар мен радиолар күн сайын жаңартылып отырады. Яғни 2 млн.нан жоғары. Және сіз интернет арқылы бұл бағдарламаны жаңа нұсқаға жаңартуыңызға болады. Бұл бағдарламаны орнатқаннан кейін 2 млн.дай каналға жаңарту болады. Сіз сонда 1 сағаттай күтуіңіз керек. Яғни әлем каналдарына жаңартылу жасағаннан кейін радио мен ТВ каналдарды көре аласыз. Және белгілі бір уақыттарда, яғни 1-2 ай өткеннен кейін тағыда жаңарту енгізуіңізге болады, себебі жаңа ТВ каналдармен радиолар санын арттыру үшін.
Бағдарлама туралы мәлімет:
Аты: Readon TV Movie Radio Player
Шыққан жылы: 2010
Нұсқасы: 6.3.0.0
Өндіруші: Readon Technology
Ресми сайты: http://www.readontech.com/
Интерфейс тілі: ағылшын
Құжат көлемі: 3,71 Мб
Дәрі: қажет етпейді
Жүйелік талаптар: Win XP/Vista/7
Форматы: .exe(*rar мұрағатында сақтаулы)
Қазақша аудармасы: жоқ
Лицензия: Тегін

