
Бұл тақырыпты күнделікті қолданатын Windows XP ОЖ өзіміздің түсінікті қазақ тіліне аударамыз ба деген оймен ашқым келіп отыр. Және форум қолданушыларының сұранысы бойынша деп айтсам айтық айтпаған болармын. Ия бұл жұмыс оңай болмайтынына сөз жоқ. Бірақ, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мүмкін бәріміз жұмыла отырып аяғына жеткізерміз деп үміттенемін.
Ендеше, бастайық!
Аударуды ең басынан бастаймыз. Ол дегеніміз "орнатудан бастау". Ия-ия қате естіген жоқсыз "Жүктегіш дискасынан"(Загрузочный диск).
Және айта кетейін бізге сонымен қатар тобымызға аудармашылардан бөлек дизайнерлерде қажет болады. Егер, арамызда жақсы аудармашылар және дизайнерлер болса, "Байланыс" жүйесі арқылы бізбен хабарласуларыңызды сұраймыз. Жасауға қатысқан әр бір қатысушының аты-жөні ескеріледі.
Қолданушылардың айтуы бойынша аудаманы осы жерден жасаймыз... Немесе, тексттік файлға бекітіп қалдыруларыңызға болады. Болашақта "Онлайн аударма" жүйесін жасап қалармыз...
Сонымен назарларыңызға екі файл құрамын ұсынамын(txtsetup.sif, setupldr.exe):
Әр бір үтір, нүкте, бос орындардың ескерілуін сұраймын.
Ендеше іске сәт!
Форумда талқылау: http://forum.softzone.kz
