Құрметті қолданушы! Сіздің қолданып отырған браузеріңіз Internet Explorer 6. Қазіргі таңда бұл браузер ескі және кейбір бейнелерді дұрыс көрсете алмағандықтан браузерге шектеу қойылған. Сол себепті, Сізге Internet Explorer 8 нұсқасын орнатуға кеңес береміз.
 

  Тақырып   Авторы Жауаптар Қаралды Жазған уақыты
Телефонга арналган программалар 170mektep 14 1629 Кеше, 23:48
BookMaker 170mektep 3 155 Кеше, 23:41
ҰБТ 2012 ж arinaz 143 4310 Кеше, 23:03
дайын шаблон бар PSD ағылшынша қазақшаға... redbull 5 353 Кеше, 18:07
Комек e.nagmetulla 0 18 Кеше, 16:53
касперски кілт Konak 19 569 19:28, 21.05.2012
EPSON T50 принтериндеги акау Абикон 6 292 15:27, 19.05.2012

SoftZONE.kz сайты » Жаңалықтар » Біздің елдің «Жігіттері»!

Біздің елдің «Жігіттері»!

Авторы: alibek7512 Орналастырған күні 20-06-2010, 15:38
  • 0
Біздің елдің «Жігіттері»!

Алматының қақ төріндегі Республика сарайында «Жігіттер» продюсерлік орталығы салтанатты кеш өткізді. Бүгінде алты алашқа мәшһүр болған «Жігіттер» квартеті, «Жалын» тиосы, Асқар Жүнісбеков және Болатбек Досыбаев секілді ән өнерінің белгілі өкілдері шоғырланған продюсерлік орталық әдемі де әсерлі шығармашылық кешімен көпішік көңілінде ұзақ уақыттар бойы сақталып қалатын тәрізді. Өйткені, алдын ала жазылып алынбаған әндермен емес, концерт жанды дауыспен шырқалған әуезді әуендермен ерекшеленді.
Республикалық «Жас толқын», «Арай-2003» байқауларының лауреаты, халықаралық Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» фестиваінің бас жүлде иегері, «Ерке қыз» танымал болған «Жігіттер» квартеті сағындырып барып сахана төрінен орын алды. Иә, айтпақшы, олар ән айтпастан бұрын сәтті қойылған сахналық көрініс көрермен көзайымына айналды. Халық әні «Айқаракөзбен» әуелеткен әншілер сезімтал жүректерді тебірентті. Ұлттық би билеген «Жадыра-жайна» би ансамблі сәнді киінген жігіттердің көркіне көрік, ажарына ажар қос түскендей болды. Расында «Жігіттер» тобының ою-өрнекпен безендірілген қазақы киімі айрықша назар аудартады. Жалпы, атаулы продюсерліктің барлық әншілері қазақы киім киюге ұмтылыс жасағаны қуантады. Әйтсе де, «Жігіттер» квартетінің киімі ерекше көзге ұрып тұрды. С.Мұхамеджановтың «Екі ғашық» әні (сөзі Қуандық Шаңғытбаевтікі) ғашықтардың сезімін баурап, жүректерін жылытты. А. Исмайыловтың «Қонақ келсе ауылға», Олжас Нұрдың «Ақ босаға» (сөзі Шөмішбай Сәриевтікі) әндері қазақтың кең пейіл қонақжайлығынан, ұлттық таным-түсінігінен хабар бергендей дүниелер екен.
Б.Алдиярдың «Ерке қыз» әні шырқалғанда ел орындарынан тұрып кете жаздады. «Жігіттерді» «Ерке қызсыз», «Ерке қызды» «Жігіттерсіз» елестету мүмкін бе? Бір кездері жастар көшеде айқайлап жүріп айтылған ән өз тағынан әлі де түспегеніне көз жеткіздік. Құрбысымен әңгімелесіп отырған көрші қыздың тосын пікірлерін құлағым шалып қалды. «Айдар неге мас адам секілді бүкірейіп алып, сахнаның ана басына бір, мына басына бір шығады. Әлде билеген деген осы екен деп ерсілі-қарсылы кезіп жүр ме? «Екі ғашық» әні айтылып жатқан тұста Айдар өз сөзін ұмытып қалды... Ел алдына шыққан соң неге жауапкершілікті сезінбейді?» дейді әлгі қыз ренішін жасырмай. Ал құрбысы жұлып алғандай, «Жанна, сен естімедің бе? Айдар «Ана тілі» аруы байқауының жеңімпазы Раушан Әріпке үйленіп еді ғой. Қазір олар ажырасып кетіпті деп жұрт шулап жүр. Раушан үйде отырғысы келмей, мансап жолын қуғанды жөн көреді екен. Жанжал содан шықса керек» дейді. Иә, бұл қыздардың сөзіне сенер-сенбесімізді білмедік. Қаңқу сөздің бірі шығар деп мән бермеуге тырыстық.
Осы тұста Нұржан Төлендиев «Баяғыда дауысы барлар әнші еді, қазір ауызы барлар әнші болды» деп мағынасыз-мәнсіз әншілердің көбейіп кеткендігін сынға алды. Айдар орыстардың арасында гитарамен ән айтса, Мырзахан күйсандықты шебер менгергендігін тілге тиек етті. Бағылан мен Ердостың домбыра құлағында ойнайтындығын, күмбірлеген ұлттық саз аспабының көмегімен талай қыздардың жүрегін жаулағын айтты. Сосын барып Ердос пен Бағылан Әбдікәрім Манаповтың жүрек қылын шерткен «Сағыныш» атты әнін сызылтып салды. Домбыраның табиғи үні қандай ғажап десеңізші! Ән біткен соң Айдар мен Мырзахан «Қалай? Бізсіз қиын ба екен?» деп әзілдеді. Сосын Бауыржан Есебаевтың «Аспанға» әнін Бағылан мен Ердос домбырамен, Мырзахан күйсандықпен, Айдар гитарамен сүйемелдеп отырып шырқады. Халықтың көл-көсір ризашылығынде шек болмады.




Құрметті қонақ, Сіз сайтқа тіркелусіз кірдіңіз.
Сайтқа тіркелуіңізді немесе өз атыңызбен кіруіңізді сұраймыз.

Пікірлер:

Пікір қалдыру
Хабарлама
Қонақ тобындағы қолданушылар, бұл жаңалыққа пікір жаза алмайды.