Құрметті қолданушы! Сіздің қолданып отырған браузеріңіз Internet Explorer 6. Қазіргі таңда бұл браузер ескі және кейбір бейнелерді дұрыс көрсете алмағандықтан браузерге шектеу қойылған. Сол себепті, Сізге Internet Explorer 8 нұсқасын орнатуға кеңес береміз.
 

  Тақырып   Авторы Жауаптар Қаралды Жазған уақыты
Телефонга арналган программалар 170mektep 14 1629 Кеше, 23:48
BookMaker 170mektep 3 155 Кеше, 23:41
ҰБТ 2012 ж arinaz 143 4310 Кеше, 23:03
дайын шаблон бар PSD ағылшынша қазақшаға... redbull 5 353 Кеше, 18:07
Комек e.nagmetulla 0 18 Кеше, 16:53
касперски кілт Konak 19 569 19:28, 21.05.2012
EPSON T50 принтериндеги акау Абикон 6 292 15:27, 19.05.2012

SoftZONE.kz сайты » Жаңалықтар » Ақырзаман – дiни ұғымда соңғы кезең

Ақырзаман – дiни ұғымда соңғы кезең

Авторы: mtv-ast Орналастырған күні 1-05-2010, 18:33
  • 85

 

Ақырзаман – дiни ұғымда соңғы кезең

 

Ақырзаман – дiни ұғымда соңғы кезең. Бiреулер айтып жүргендей соңғы сәт емес. Бiз тiлге тиек етiп отырған ақырзаманды, яғни кезеңдi кезектi бiр дәуiр деп бiлсек, айтылар гәп – соның түгесiлетiнiнде. Нақтыласақ – алмасатынында. Дәуiр мен заман бiр ұғым болғандықтан ақырзаманнан пәлендей секем алудың да жөнi жоқ сияқты. Алайда, бiз ақырзаманды соңғы сәт деп қабылдауға бейiм тұрамыз. Шынтуайтына келгенде дiни ұғымдағы соңғы сәт – қиямет қайым. Ал оның қашан болатыны бiр Аллаға ғана аян. Дегенмен ақырзаманның өзiне тән белгiлерi бар. Құран Кәрiмде айтылғандай бiз ол белгiлерге мән бермей өтемiз. Тiптi оларды ақырзаман белгiсi деп те ұғынбаймыз. Әдетте ол «белгiлер» табиғи жағдай сияқты әсер қалдырады. Сондықтан да оны бiз негiзiнен ғылыми тұрғыда дәлелдеуге тырысып бағамыз. Ол «белгiнi» қалай ұғынып, қай тұрғыда дәлелдеу әркiмнiң жеке шаруасы десек те кейiнгi кездерi көпшiлiк қауымды алаңдатып жүрген басты мәселе – 2012 жылы болуы мүмкiн табиғи өзгерiс. Ол жайтты әзiрге «табиғи өзгерiс» деп алайық. Ұғынықтылық үшiн айтсақ, күннiң ысуы, сууы, жаңбыр не қардың жаууы, бұл – жай ғана маусымдық өзгерiстер. Сол «өзгерiстердiң» өзi мөлшерден асса апатты жағдайға ұрындырады. Алайда, бiз оны қалыпты жағдай деп бiлемiз. Ал 2012 жылы болуы мүмкiн «табиғи өзгерiс» зардабы оны болжаушылар пiкiрiнше мүлде басқа. Мәселен, күн батыстан шығуы мүмкiн. Сондай-ақ бiз бұрын көрмеген басқа бiр жаратылыс иелерi де бой көрсете бастауы кәдiк. Жалпы дiни түсiнiкте бұл екеуi де сөзсiз болатын ақырзаман белгiлерi. Ал ғылыми болжамда... Бәрiн ретiмен айтайық.

Бiзге жеткен көне өркениет жетiстiктерiнiң бiрi – Майя күнтiз­бесi. Бұл күнтiзбе өлшемiнiң дәлдiгi кiмдi де болсын қайран қалдырады. Бүгiнгi заманауи озық технология жетiстiгi арқылы анықталған қазiр­гi күнтiзбе бойынша бiр жылда 365, 2422 күн бар. Ал Майя күнтiзбесi 365,2420 күн. Айырмашылық жоқтың қасы. Бұл күнтiзбе бо­йынша, Майя өркениетi бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 3113 жылдың 13 тамызынан бастау алады. Аяқталуы – 2012 жыл. Майялықтар көз­қа­расы бо­йынша әлем осыған дейiн 4 рет «өзге­рiске» түскен. «Өзгерiс» деп бiз жорта айтып отырмыз. Негiзiнде 4 рет жойылған. Алайда, жойылу өз­герiс нәтижесiн­де туындаған. Ол – бiз жоғарыда айтқан «табиғи өзгерiс».
Сонымен бiрiншi кезең (өзгерiс) – 4008 жылға созылып, алапат жер қимылдауы нәтижесiнде жойыл­ған. Екiншiсi – 4010 жылға ұласып, үздiксiз соққан дауылдан опат бол­ған. Үшiншiсi – 4081 жылға созылып, отты жаңбырдан, яғни дамылсыз атқылаған вулкан зардабынан құрдымға кеткен. Төртiншiсi – (5026 жыл) суға қарық болған. Қазiр бiз өмiр сүрiп отырған дәуiр – 5-кезең. Ол – 5126 жылға ұла­сып отыр. Аяқталатын сәтi... Оны айттық. Сонда бұл «табиғи өзгерiс» қалай жүзеге аспақ?
Әуелгi болжам: 2012 жылдың 21 желтоқсанында планеталар тiзбегi қалыптасады. Сатурн, Юпитер, Марс және Жер бiр сызық бойына түзiледi. Ондай тiзбек бұрын да бол­ған. Ал мұндағы басты айырмашылық – әлгi Күн жүйесiндегi пла­не­талар тiзбегi ретiмен өзге жүйе планеталары да сап түзейдi. Сөйтiп әлем бiр кезеңнен екiншi кезеңге алмасады.
Келесi болжам: Американдық ғалымдардың пайымдауынша 2012 жылы Күн белсендiлiгiнiң артуына байланысты күннен бөлiнiп шыққан электронды толқын Жер бетiндегi электр қуатын жойып жiбередi. Соның салдарынан... Әрине, электр қуатына түбегейлi тәуелдi болған қазiргi кезеңде элек­тр қуатынсыз өмiрдi елестету­дiң өзi мүмкiн еместей көрiнетiн­i күмәнсiз. Алайда, оны соңғы сәт деп байлам жасауға болмайды. Электрсiз де таң атқан. Оны бiлемiз.
Үшiншi болжам: Әйгiлi физик Исаак Ньютон жарықтық та 2012 жылдың ар жақ бер жағында дәуiр алмасуы болады дегенге саятын болжам жасаған екен. Алайда, оның болжамы нақтылы ғылымнан гөрi дiни қағидаттарға негiз­дел­ген­дiктен оны кесiмдi пiкiр деп айтуға келе бермейдi. Дегенмен, «Ньютон құпия­сы» деген атқа ие ол еңбектiң Израильдiң ұлттық кiтап­ха­на­сындағы құпия сейфте сақтал­ғанын қаперге алсақ, Ньютон болжамы да шындық ауылынан алыс қонбағанын сезiнесiң.
Төртiншi болжам: Шумер өрке­ниетi туралы әртүрлi алып қашты әңгiмелер аз емес. Ең бастысы – шумерлiктер Юпитер мен Марстың аралығында Нибиру деп аталатын тағы бiр планета бар деп бiлген. Ол планета бiздiң Күн жүйесiне әрбiр 3600 жылдан кейiн көрiнiс берiп отырған. «Табиғи өзгерiстер» сол Нибиру планетасының Жерге қаншалықты жақындап келуiне байланысты туындап отырған. Ол планетада бiзден анағұрлым мықты жаратылыс иелерi бар деген де әңгiме­лер баршылық. Дегенмен, ғалымдар 1972 жылдан бастап белгiсiз жаңа планетаның бой көрсете бастағанын байқаған. «Нью-Йорк Таймс» газетi 1980 жылғы 30 қаң­тарда шыққан нөмiрiнде «Ас­трономдар жаңа планетаның та­был­ғандығына нық сенiмдi. Олардың ойынша, оған ендi тек ат қою ғана қалды» деп жазған болатын. Қазiр кей ғалымдар ол планетаның Нибиру екенiне шек келтiрмейдi.
Осыған дейiн болған «табиғи өзгерiстiң» бәрiн Нибиру планетасының жерге келiп кетуiмен байланыстыратындар да аз емес. «Жер бедерi өзгередi, жаңа мұхит пайда болады» деушiлер де кездеседi. «Табиғи өзгерiс» нәтижесiнде адам санасы өзгеге тәуелдi болады» деген де пiкiр бар. Ондай тәуелдiлiкке рухани тазалық шыңына көтерiлген адамдар iлiкпейтiн көрiнедi. Себебi...
Бұл тұрғыдағы ойды ислам қағидаттарымен байланыстыра өрбiткен жөн секiлдi. Сәл кейiндеу тоқталатын ақырзаман белгiлерiнен озып айтар болсақ, кейбiр ислам ғұламалары көне кiтаптар ескертпе­лерiне сiлтеме жасап, 2012 жылы болуы мүмкiн «табиғи өзгерiстер» Тажалдың келуiне байланысты туын­дайды деген пiкiр айтады. Әр дiнде әрқилы айтылғанымен Та­жал­дың келетiнi туралы ұғым барлық қасиеттi кiтаптарда бар. Сондықтан Тажалдың кiм екенi туралы дiни әфсәналарда, сондай-ақ ауызекi әңгiмелерде айтылып жүргендей «албасты кейiптегi жалғыз көздi пәлекет», не болмаса «шай­тандардың ұстазы» деген сияқ­ты әсiреқызыл бояуларды үстемелемей айтар болсақ, Тажал – қа­зiр­­гi әлемнiң патшасы. Тек ол соң­ғы сәтте өзiн Құдаймын деп жария­лайды. Бiр қарағанда онда тұрған дәнеңе де жоқ сияқты. Өйткенi, өзiн Құдаймын деп жариялағандар бұрын да болған, ондайлар қазiр де кездеседi. Тажалдың олардан айырмашылығы... Кәпiр мен мұсылман, тек олар ғана емес, мұсылмандықтың өз iшiндегi ағымдар бiр-бiрiнен осы жерде ажырайды. Шынайы мұсылмандардан басқасы тегiс Тажал құрығына iлiгедi. Яғни, Тажалды Құдай деп таниды. Қазiргi ғалымдар аузымен ара-кiдiк айтылып қалып жүрген «адам санасы өзгеге тәуелдi болады» дегендегi «өзге», сайып келгенде, дiни ұғымдағы Тажалға сәйкес келедi. Осылай байлам жасасақ, «рухани таза адамдардың» шынайы мұсылман екендерi мәлiм болады. Сонда «шынайы мұсылман» дегендерiмiз кiмдер?
Шынтуайтына келсек, тiлiн кәлимаға келтiрген жұмыр басты пенденiң бәрi өздерiнiң кәмiл мұ­сылман екендерiне бек сенiмдi. Дiни ғұрыптарды, исламдағы парыз амалдарды толық орындап жүргендер екi есе сенiмдi. Одан басқа «тек бiз ғана тура жолдамыз» дейтiндер де аз емес. Алайда, бiзге жеткен кө­не кiтаптар жазбаларына ден қой­сақ, солардың қай-қайсысы да Тажал құрығына оп-оңай-ақ iлiгiп кетедi екен. Неге?
Бiрiншiден, бiз өзiмiздiң әлден-ақ Тажал сарбазы екенiмiздi бiле бермеймiз. Өйткенi бiз тәуелдi мына қоғам, қалыптасқан жүйе, адамзат баласы бет алған өркениеттi арман көкжиегi, бiр сөзбен айтқанда, бiз қалап алған өмiр сүру қағидаттарының авторы – Тажал. Демек бiз қалайық, қаламайық Тажал жасап берген өмiр салты бойынша өмiр сүремiз. Дiн... Кешiрiңiз, дiн мен өмiр сүру қағидаттары баяғыда ажыраған. Дiн – тек құлшылық. Ал ол құлшылыққа дiндар­мын деп жүрген адамның өзi 3-4-ақ сағат уақыт бөледi. Қалған уақыт... Иә, Тажалдық жүйе қағидаттарына бойсұнумен өтедi. Бiрақ адамзат баласы өз «жетiстiк­терiн» ешқашан жоққа шығарған емес. Жоққа шығармаған соң оны терiс деп те ұғынбайды. Қасиеттi кiтаптардың бәрiн­де айтылатынындай мына өмiрдiң әйтеуiр бiр күнi түгесiлетiн­iне, қиямет-қайымның болатынына мән берiп, «ол неге күй­рейдi?» деген сауалға жауап iздесек, сонда бiз таңдаған «өркениет жолының» жансақтығы айқындала түседi. Ал сол «өрке­ниетке» қызмет, осы тұрғыдағы жетiстiк, түптеп келгенде Тажалға қызмет екенiн оның сарбаздары ертеңгi күнi оны Құдай деп мойындау арқылы тағы да дәлелдейдi. Байыбына барсақ, гәп 2012 жылда емес, шындықта. Ал ол шындық әйтеуiр бiр күнi айқындалады. Бiздiкi кеш болмай тұрғанда сол күндi сезiне берейiк деген ой. Алайда, Тажалға деген адамзат баласының осы ыңғайдағы мәңгiлiк қызметi де оны Құдай деп тануға аздық етедi. Аздық ететiнi бiз өз қызметiмiздiң оған тән екенiн бiлген емеспiз. Және оны солай екен деп бас шұлғи қояйын деп те отырғанымыз жоқ. Өйткенi, бiз өз қалауымыздың, яғни адами қалаудың Тажалдың қалауы екенiн ұғынып көрмегенбiз. Ұғынықтылық үшiн өзiмiздiң кiмге қызмет ете­тiн­i­мiзге тағы да мән берiп көрелiк. Жо­ғарыда дiни ғибадатқа 3-4 сағат уақыт бөлемiз дедiк. Мән берсек, сол ғибадаттың денi Аллаға алақан жайып тiлек тiлеумен өтедi. Осы жерде ол тiлектердiң неге қабыл бола бермейтiнiне де мән бере кеткен жөн. Өйткенi, ол қалау бiздiкi емес. Алладан күнә iс кешiрiм өтеуiне қол жайып қиюы кеткен тiршiлiк қалауын сұрау және оны қалыпты дiни үрдiс ретiнде қабылдау шынайы мұсылмандық тағлымға үндеспейдi. Бiз бұл жерде Алладан бұл дүние қалауын сұрама деп отырғанымыз жоқ. Сұра. Бiрақ оның бiздiң қалауымыз, жоқ әлде нәпсiнiң қалауы екенiне мән берген жөн. Адам кейде дiни ғибадатты да нәпсi қалауы үшiн жасайды. Өйткенi жайнамаз үстiнде жайылған қол бос қайт­пайтынын бiзге сездiрген нәпсi әмәнда өз қалауын сұратады. Оны бiз бiр сөзбен «тiршiлiк қалауы» делiк. Тiршiлiк қалауының байыбына бару үшiн оны бiз арман деп қабылдайық. Ендi адам арманының бiтпейтiнiне мән берсек, бiз негiзiнде тек соған жету үшiн ғана өмiр сүретiнi­мiз мәлiм болып қалады. Тажал дегенi­мiз – сол арман. Адамзаттың денi Тажал соңынан кететiнi сондықтан. Әрине, өмiр бойы аңсаған арман-тiлегi ақиқатқа айналып көз ал­дын­да тұрса, дұрысы – арманы мен өз қалауындағы Құдайы тұтасса, оны Жаратушы ием деп табынбағанда қайтедi. Табынады. Мо­йындайды. Соған бас ұрады. Тiптi ислам дiнi ғұламаларының денi Тажал жетегiнде кетедi. Себебi... Гәп – ахидада. Яғни, қалыптасқан сенiмде.
Мәселен христиандар Иса пайғамбарды Алла деп таниды. Бiз сияқты олар да Исаның (ғ.с.) ертеңгi күнi келетiнiне бек сенiмдi. Демек, сенiмiне орай Тажал жетегiнде бiрiншi кететiн де солар. Пұтқа табынатындар ахидасы бойынша да Құдайды Жерден тауып алуға болады. Тек мұсылмандар... Осы жерде кәкiр бар. Себебi, көзқарас әрқилы. Алланың қайда екенi туралы нақтылы болжам жоқ. Бiр топ «адам мен Алла ұдайы байланыста болады» деп түсiнсе, екiншi бiрi «Алла ғаршыда» деп ұғынады. Үшiншiсi – «Алла жүректе» дейдi. Төртiншiсi... Бесiншiсi... Осылай кете бередi.
Осыдан-ақ Алланың мына шектеулi әлемге бой көрсетпейтi­н­iн аңғаруға болады. Ал Алланың адамға күре тамырынан да жақын болатыны, Оның өзiне тән есiм сипаттары адам жүрегiне орын тепкен. Оны бiз жүрек айнасындағы Аллалық сипат деп қабылдасақ, ол өзiне қараушының, яғни Алланың бар екенiн айғақтайды. Мiне, осыны түсiнгендер және соған, яғни Аллалық сипатқа жетуге талпын­ғандар – рухани жетiлген адамдар. Де­мек, Алланы көктен де емес, жерден де емес, жүректен iздеген абзал. Рухани әлем – жүрек шексiз­дiгi.
Рухани әлемдi сезiну үшiн мына жайтқа мән берейiк. Мынау бiз өмiр сүрiп отырған әлем, жерi бар, жетi қат көгi бар, тағы да бiз бiлетiн, бiлмейтiн жаратылыстары бар, бәрiн қосып толықтай алғанда – материалды әлем. Сол шектеудiң жоғарғы жағы – рухани әлем. Бергi әлем сол жоғарғы әлемнiң мате­риал­данған көрiнiсi. Рухани әлем­нiң материалдануын адами тұрғыда алып қарасақ, оның, яғни рухтың заттануы ана құрсағынан бастау алады. Ол адам кейпiне енiп, өмiрге келген сәттен бастап, жоғарғы рухани әлемнен ажырайды. Дұрысы – өзiнiң сол әлем жаратылысы екенiн сезiнбейдi. Дiни ұғым бойынша сезiнетiндер – дiн­дар­лар, сезiнбейтiндер – дiнсiздер. Бiр қызығы, бiз айтып отырған рухани әлемнiң бар екенiн соны «сезiнбей­тiн», яғни дiнге мойын­сұнбайтын ғалымдардың өзi айтып отыр. Олар «2012 жылы болатын дәуiр алма­суында пәк рухты сақтап қалған адамдар өзге әлемге тез бейiмде­ледi» деген болжам айтады.
Рас, «рухани жан дүние» де­гендi бәрiмiз бiлемiз. Мәдениеттi адам ретiнде сол рухани жан дү­ние­мiздi ұдайы байытып отыратынымызға да бек сенiмдiмiз. Тек кейiнгi жылдары тiршiлiк тауқыме­тiнен соған шамалы көңiл бөлмей кеткенiмiз болмаса... Құдайшылығын айт­қанда рухани әлем туралы бiздiң түсiнiк осы ыңғайдағы әңгi­ме­лерге саяды. Бiрақ бiз осы түсi­нiк­пен күндiз-түнi бас алмай қаншама кiтап оқып, театрлардан шық­пай қойғанымызбен әлем ғалымдары айтып отырған «пәк рухты» қалыптастыра алмаймыз. Қалыптасуы үшiн бiз бастап­қы болмысқа, яғни жоғарғы әлемге қосылуымыз керек. Ал оған қалай қосыламыз? Оны «мына әлемнен бас тартқанда» деп бiр-ақ ауыз сөзбен түйiндеуге болады.
Дiни ғибадат... Оның қалай және кiмге жасалып жатқанына мән берген жөн. Ұғынықтылық үшiн айтайық. Бiз – заттанған рухани әлембiз. Заттану арқылы бiздiң жан дүниемiзде екi күш тартысы пайда болды. Бiрi – рухани, екiн­шiсi – адами. Негiзiнде екеуi тұтасуы керек. Ғибадат содан кейiн барып жасалады. Тұтасты. Бiрақ қалай тұтасты? Дұрысы – тiресiп тұр­ған екi күштiң қайсысы жеңдi? Мiне, осы жерде дiндарлар ахидасы (сенiмi) екiге бөлiнедi. Бiрiншiсi – рухани әлемге, екiншiсi – заттық, яғни мына әлемге байланады. Пәк рух сол жоғарғы әлеммен байла­ныс­қан дiндарларға ғана тән. Алайда, адам баласы 12 жасқа дейiн сол әлем шуағына шомып жүредi. Кейiн... Кейiн заттық ұғым алға шығуына байланысты рухани әлем жабылады. Дегенмен адам баласы Аллаға тек сол әлем арқылы ғана жетуге болатынын ұдайы се­зiн­­ген­дiктен жаратушы иеге бағыштап өзiнше қаншама ғибадат жасағанымен жаны бәрiбiр байыз таппайды. Қазақтың аруақ шақыратыны сондықтан. Бiрақ бiз ар­уақты (рухты) тек адаммен ғана, яғни ұғынбасақ та оның әу бастағы жараты­лыс­тық болмысымен ғана байланыстырамыз да, негiзгi рухани әлемнiң бар екенiн түсiне бермей­мiз. Шынтуайтына келгенде бiз айта беретiн әруақ дегенiмiз – жоғарғы рухани әлем. Оны христиандар қасиеттi рух, яғни Құдай деп таниды. Түсiнiк қате болған соң олар да Ол әлеммен байланыса алмайды. Байланыса алмаған соң, әрине, 2012 жылдан кейiнгi дәуiрге үйлеспейдi.
Неге үйлеспейтiнiн ғалымдар былайша топшылайды. Ол кезде, яғни дәуiр алмасуы кезiнде адамның қалау мүмкiндiгi заттанады. Яғни не қаласаң сол нәрсе әп-сәтте көз алдыңда пайда бола қалады. Бiр сөзбен айтқанда, әр адамның iшкi әлемi жанды бiр жаратылыстық кейiпке енедi. Гәп – сол жараты­лыс­тың қандай кейiпке енетiнiнде. Өйткенi адам қалауы тек жақсылықтардан тұра бермейтiнi белгiлi. Бұл ұғым дiнде де бар. Әр адам өзiн өзi жасайды. Иман дегенiмiз сол. Жан сол «иманға», ғылыми тiлдегi «кейiпке» енгiзiледi. Жаңа дәуiрге өтетiн адам – сол «кейiп». Пәк рух, яғ­ни иман – сол кейiпке тән болады. Бiрақ дiни ұғымда бұның бәрi адам о дүниеге озғаннан кейiн барып болатын жайттар. Ал ғалымдар тiлге тиек етiп отырған «пәк рух» дегенiмiз...
Құран Кәрiмде рухтың Алланың әмiрiнен екенi айтылады. Ал Алланың әмiрi дегенiмiз... Бұл тұрғыда әртүрлi көзқарастар бар. Дегенмен дiн ғұламалары негiзiнен «Әуелгi жаратылыс пайғамбарымыздың нұры» деген байламға келген. Рухани әлем дегенiмiз – сол Нұр. Нұр – қазақы ұғымда аруақ. Оған Алланың өзiне тән сипаттары берiлгеннен, әрi бүкiл жаратылыс, 18 мың ғалам сол Нұр мен Алланың әмiрiнен жаратылғандықтан ол рухтық, не заттық, болмаса көзге көрiнбейтiн көмес сипатта болғанымен түгелдей дерлiк Алланың әмiрiне бағынышты болады. Бұл жерде Әмiрдiң Нұрға, яғни рухқа берiлгендiгiне мән берген жөн. Ал ол Нұрда бiз жоғарыда да айтқанымыздай Аллалық сипат бар. Қазақтардың «Аруақ құдай емес, бiрақ құдайдан былай емес» дейтiндерi сондықтан. Демек мына әлем сол рухтан жаратылғандықтан әр жаратылыста Аллалық сипат бар. Бүкiл жаратылыстың Аллаға зiкiр салып тұратыны сондықтан. Аллалық сипат пен Алланың әмiрi өз iшiнде болғандықтан мына әлем сырт көз­ге өзiнен өзi басқарылып тұрғандай әсер қалдырады. Егер мына әлем рухсыз тек Алланың әмiрiнен жаратылса, онда әр жаратылыс Алланың бөлшегi болып қалған болар едi. Сол сияқты рух болмаса, Алламен байланыс та болмаған болар едi. Сондықтан бiз рухани әлемге қосылғаннан кейiн барып Алланы танимыз. Жалпы мына әлемнiң өз iшiнен басқарылатынын ғалымдар баяғыда-ақ дәлелдеген. Олар ендi пәк рухтың бар екенiне көз жеткiзiп отыр. Бiрақ Алланы танымағандықтан 2012 жыл туралы әртүрлi болжамдар айтуда.
Сонымен «2012 жылға байланысты айтылып жатқан әртүрлi болжамдардың жүзеге асуы мүмкiн бе?» деген нақтылы сауалдың жауабына келер болсақ, ол үшiн бiз сенетiн және мiндеттi түрде болатын ақырзаманның мына белгiлерiне назар аударған жөн. Рас, ұсақ белгiлердiң денi бiз назар аудармаған жағдайда өтiп кеттi. Ал iрi белгiлер:
1. Мәдiнiң шығуы;
2. Күн батыстан шығады;
3. Сөйлейтiн Таббатул арз атты жер жануарының шығуы. Ол жануар кiмнiң мұсылман, кiмнiң кәпiр екенiн айырып беретiн болады;
4. Жер шарын көк түтiн басады;
5. Тажал шығады;
6. Иса (ғ.с.) түседi;
7. Яжұж, Мажұж атты алып халық пайда болады;
8. Үш рет қатты жер сiлкiнедi. Бiрiн­шi – батыста, екiншi – шығыста, үшiншi – араб түбегiнде;
9. Құран аяттары ғайып болады;
10. Иманды адамдар түгесiледi;
11. Баяу соққан самалдан барлық мұсылмандар көз жұмады. Қағба көкке көтерiледi;
12. Иеменнен басталған өрт жер бетiн шалады.
Әзiрге бұл белгiлердiң бiрi де қайталан­ған жоқ. Сондықтан 2012 жылдан кейiн де сәулелi ғұмыр барлығынан үмiт үзбеген абзал. Бiздi­кi – болжам. Бәрiн бiлушi – бiр Алла.
Ақпарат көзі: ЖасАлаш






Тегтер: 2012

Құрметті қонақ, Сіз сайтқа тіркелусіз кірдіңіз.
Сайтқа тіркелуіңізді немесе өз атыңызбен кіруіңізді сұраймыз.

Пікірлер:

Пікір қалдыру
  • Тобы: Қолданушы
  • ICQ:

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 3.08.2009
  • Пікірлері: 69
  • Жаңалықтары: 37
^
Оқып шығыңдар..оқуға тұрарлық

--------------------
  • Тобы: Модератор
  • ICQ:

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 14.12.2009
  • Пікірлері: 198
  • Жаңалықтары: 64
^
қателеспесем авторы: Құдияр Біләл

--------------------
  • Тобы: Әкімшілік
  • ICQ: 369630658

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 14.02.2009
  • Пікірлері: 332
  • Жаңалықтары: 52
^
Жақсы жазылған.

--------------------
  • Тобы: Релизер
  • ICQ: 612416523

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 25.01.2011
  • Пікірлері: 97
  • Жаңалықтары: 18
^
акыр заман 2012 жылы болмайды мен оган сенбеймин

--------------------
  • Тобы: Қолданушы
  • ICQ:

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 11.02.2011
  • Пікірлері: 7
  • Жаңалықтары: 0
^
Йя барлығы 1 Алланың қолында .... Ондай жалған ақпараттарға көп сене берудің қажеті жоқ деп ойлаймын мұсылман бауырлар... 2012 де ақыр заман болады деп болжап жатқан кәпірлер емеспе?. Оларға да сенудің қажеті жоқ...
Хабарлама
Қонақ тобындағы қолданушылар, бұл жаңалыққа пікір жаза алмайды.