Құрметті қолданушы! Сіздің қолданып отырған браузеріңіз Internet Explorer 6. Қазіргі таңда бұл браузер ескі және кейбір бейнелерді дұрыс көрсете алмағандықтан браузерге шектеу қойылған. Сол себепті, Сізге Internet Explorer 8 нұсқасын орнатуға кеңес береміз.
 
SoftZONE.kz сайты » Жаңалықтар » Наурыз құтты болсын!!!

Наурыз құтты болсын!!!

Авторы: birzhan Орналастырған күні 21-03-2010, 11:32
  • 0
 (дауыстар: 0)
Наурыз құтты болсын!!!


Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз құтты болсын!

Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әз Наурыз – сонау ерте заманнан тамыр алған, тарихи мазмұны терең, халықтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен астасқан, әлеуметтік-рухани мәні мен маңызы зор мейрам.

Ұлыстың ұлы күні – жаңғыру мен жаңарудың, еңсесі биік елдіктің, татулық пен ынтымақтықтың, ырыс пен молшылықтың мерекесі. Күн мен түн теңелген шақта шуағын шаша келетін Наурыз адам баласын тек ізгілікке, имандылыққа ұмтылдырады. Бұл күнді халқымыз жақсылықтың жаршысы, бірліктің бастауы деп білген. Өкпе-ренішті жандар татуласып, қауышып, бір-біріне ізгі тілек, ақ пейілдерін білдіріскен. Құт-берекенің белгісі ретінде ақ дастархан жайылып, көпті көрген дана қарттарымыз елдің амандығын, жұрттың тынштығын тілеп, ақ батасын берген.
Тәуелсіздік алғалы мән-мазмұны ашыла түскен Ұлыс мерекесінің жалпыадамзаттық құндылықтарды орнықтырудағы, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы рөлі айырықша. Ұлтына қарамастан әрбір қазақстандық ерекше ұлықтайтын Наурыз бүгінде жалпыхалқтық мерекеге айналды. Ұлыс мерекесі адамдарды бір-біріне кешіріммен, табиғат-анаға мейіріммен қарауға шақырады.


Наурыз мерекесінде SoftZONE.kz ұжымы әрбір адамға амандық, еңбектеріне жеміс, отбасыларына бақ-береке тілейміз. Жаңа жылымыз - Әз Наурыз шаттықтың шапағатын себе берсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.

Наурыз тарихы:



Құрметті қонақ, Сіз сайтқа тіркелусіз кірдіңіз.
Сайтқа тіркелуіңізді немесе өз атыңызбен кіруіңізді сұраймыз.

Пікірлер:

Пікір қалдыру
Хабарлама
Қонақ тобындағы қолданушылар, бұл жаңалыққа пікір жаза алмайды.