Құрметті қолданушы! Сіздің қолданып отырған браузеріңіз Internet Explorer 6. Қазіргі таңда бұл браузер ескі және кейбір бейнелерді дұрыс көрсете алмағандықтан браузерге шектеу қойылған. Сол себепті, Сізге Internet Explorer 8 нұсқасын орнатуға кеңес береміз.
 

  Тақырып   Авторы Жауаптар Қаралды Жазған уақыты
Телефонга арналган программалар 170mektep 14 1629 Кеше, 23:48
BookMaker 170mektep 3 155 Кеше, 23:41
ҰБТ 2012 ж arinaz 143 4310 Кеше, 23:03
дайын шаблон бар PSD ағылшынша қазақшаға... redbull 5 353 Кеше, 18:07
Комек e.nagmetulla 0 18 Кеше, 16:53
касперски кілт Konak 19 569 19:28, 21.05.2012
EPSON T50 принтериндеги акау Абикон 6 292 15:27, 19.05.2012

SoftZONE.kz сайты » Жаңалықтар » Ескі жаңалық: рекорд

Ескі жаңалық: рекорд

Авторы: AL-ASTER Орналастырған күні 11-02-2012, 00:52
  • 68
Ескі жаңалық: рекорд


Секундына 26 терабайт — ақпарат алмасу жылдамдығының жаңа рекорды орнады

Бұндай жылдамдықпен АҚШ конгрессінің барлық Кітапханасы талшықты-оптикалық сым арқылы 10 секунд ішінде жіберіле алады.
Бұл әрқайсысы өз ақпаратын таситын, лазерлік шоқтықтағы шамамен 300 бөліктен тұратын аймақтық жарық спектрін декодирлайтын Фурьены (FFT) өңдеу алгоритмін қолдану арқасында мүмкін болды. Сынақ нәтижесі Nature Photonics ғылыми журналында жарияланды.

Телекоммуникация мен оптоинформатика салаларындағы ақпаратты жылдам тасымалдау амалдарын жетілдіру нәтижесі соңғы жылдары осындай жетістіктерге жеткізді.
Осы мүмкіндіктерді бұдан алдыңғы дамыту кезеңдерінде, талшықты оптика көмегімен ақпаратты кодирлеу жолдары белгілі жиілікте жарық сәулелерін модуляциялау арқылы жасалған болатын. Бірақ та, соңғы уақыттары барлығы біршама күрделі кодирлеу амалдарымен, яғни лазер сәулелерін модуляциялау арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Соның ішінде — бірнеше лазер көмегімен әр түрлі жарық спектрлеріндегі түрлі пакеттерді кодирлеп, оптикалық сыммен бір уақытта жіберілетін кодирланған ортогональдық жиіліктегі мультиплекстеу амалдары кіреді.

Ақпаратты жіберу кезінде, сымның қабылдау ұшындағы осциллятор немесе генератор осы сигналдарды декодирлеп, қалыпты форматқа трансформалайды.

Жылдамдық құнын төлеу керек

Ақпарат алмасудың бұл схема түрін қолдану барысында шектеу лазерлер санына тірелсе, оларды қолдану арзанға түспейді — деп түйіндейді Германиядағы Карлсруэ технология институты жариялау қызмекерлерінің соавторы, профессор Вольфганг Фройде.
«Ақпарат алмасу жылдамдығының секундына 100 терабайт тасымалдау сынағы да жүргізіліп қойған», — дейді ғалым.

Мұндағы проблема, сынақ барысында шығыны қымбатқа түсетін шамамен 370 лазер қолданылған. Үлкен залда орналасқан барлық осы лазерлерден тұратын бұндай құрылымды елестетіп көріңіз, ал оларға қажетті электр қуаты, шамамен ондаған киловатты құрайды", — дейді ол.
Алайда, Фройде және оның әріптестері осыған жақын тағы да, бір лазер көмегімен қысқа импульстерді генерациялайтын жылдам ақпарат алмасу жаңалығына қол жеткізді.
Алдыңғы жылы профессор Фройде және оның әріптестері алғаш рет FFT алгоритмін қолдана, лазер сәулелерін кодирлеу әдістерімен таныстырған болатын.
Фурьены өңдеу, оптоинформатикадағы әр түрлі уақытта жеткен түрлі құжаттардың бөліктерін декодирлайтын танымал математиалық әдіс.
Вольфганг Фройденің айтуынша, бұл әдіс кремний негізіндегі микросхемадағы ақпарат алмасу жұмысына қолданылуы мүмкін, нәтижесінде телекоммуникация саласында жаңадан мықты компьютерлер жасауға болады.
BBC агенттігі





Тегтер: ақпарат алмасу, жылдамдығы, рекорд, Фройде

Құрметті қонақ, Сіз сайтқа тіркелусіз кірдіңіз.
Сайтқа тіркелуіңізді немесе өз атыңызбен кіруіңізді сұраймыз.

Пікірлер:

Пікір қалдыру
  • Тобы: Модератор
  • ICQ:

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 3.02.2011
  • Пікірлері: 72
  • Жаңалықтары: 13
^
Бізге, инет қолданушыларына секундына 100 мегабит жылдамдықта ақпарат алмасу мүмкіндігі болғанда ғой.... smile-31

--------------------
  • Тобы: Қолданушы
  • ICQ: 2147483647

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 10.03.2011
  • Пікірлері: 11
  • Жаңалықтары: 2
^
Alla kalasa ol kunge de jetermiz

--------------------
  • Akil

  • 23 наурыз 2012 23:25
  • Тобы: Қолданушы
  • ICQ:

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 8.12.2011
  • Пікірлері: 1
  • Жаңалықтары: 0
^
ия ол кунге аман болсак жетемиз
ол ушин осындай отикалык волокно уймизге келип туру керек боладыгой
россияда уже басталып кеткен дейдигой
Хабарлама
Қонақ тобындағы қолданушылар, бұл жаңалыққа пікір жаза алмайды.