Құрметті қолданушы! Сіздің қолданып отырған браузеріңіз Internet Explorer 6. Қазіргі таңда бұл браузер ескі және кейбір бейнелерді дұрыс көрсете алмағандықтан браузерге шектеу қойылған. Сол себепті, Сізге Internet Explorer 8 нұсқасын орнатуға кеңес береміз.
 

  Тақырып   Авторы Жауаптар Қаралды Жазған уақыты
Телефонга арналган программалар 170mektep 14 1629 Кеше, 23:48
BookMaker 170mektep 3 155 Кеше, 23:41
ҰБТ 2012 ж arinaz 143 4310 Кеше, 23:03
дайын шаблон бар PSD ағылшынша қазақшаға... redbull 5 353 Кеше, 18:07
Комек e.nagmetulla 0 18 Кеше, 16:53
касперски кілт Konak 19 569 19:28, 21.05.2012
EPSON T50 принтериндеги акау Абикон 6 292 15:27, 19.05.2012

SoftZONE.kz сайты » Жаңалықтар » Программистке күйеуге шығатындарға/шыққандарға алтын сырға...

Программистке күйеуге шығатындарға/шыққандарға алтын сырға...

Авторы: AL-ASTER Орналастырған күні 9-02-2012, 22:55
  • 85
Программистке күйеуге шығатындарға/шыққандарға алтын сырға...



Бақытыңызға/өкінішіңізге орай, программистке күйеуге шықтыңыз. Әдетте программистер “маған күйеуге шық!” деп қинамайды, себебі, ол баяғыда-ақ компьютеріне үйленген.
Қыз-келіншек табиғатынан қылықты ғой, сондықтан программист-күйеуіңіздің қасынан әрлі-берлі жүріп, комплимент күтіп жүретініңіз рас. Алайда программист-күйеуден оны күтпей-ақ қойыңыз. Оның Сізді әйелдікке алғанының өзі — бүкіл өміріңізге жететін комплимент болуы керек.
Программист қайсыбір жобаларды алғанда, не өз бетімен код кеміруді бастайын деп жатқанда бақұлдасып, сөйлесіп қалыңыз. Редакторды ашып алғашқы сөздерді тере бастағанда-ақ сыртқы дүниемен байланысы үзіледі. Күйеуіңізден анда-санда «қап, әкеңді!», «қазақша әріп құртты ғой!», «си пи он екі елу бір деп қойыппын ғой», «ремембе дедім ғой саған!», «аха», «эхе» деген сияқты міңгірлеген хабар-ошар болып тұруы мүмкін. Олардың шешімін іздемей-ақ қойыңыз. Сосын «не боп қалды?» деп те сұрамаңыз. Жалпы код кеміру сияқты майдан кезінде дым айтпаңыз.
Программист дегенмен сүтқоректі болып тұрғандықтан, ішіп-жем қажетсінетіні рас. Арасында дәретке тұруға мәжбүр болған кезде, бірдеңе бере салыңыз жейтін. Алайда ол қайсыбір ресторанның сайтында ілулі тұрған қымбат тағамның суретін қарап алып, тоқ жүре беруі де мүмкін. Тәтті немесе дәмі жаман деудің орнына «фотограф — мал екен!» немесе «дизайнерге — респект» дейді де қояды. Тамаққа байланысты нағыз программисті айыратын мынадай бір тест бар. Оған жұмысқа кетерде «тоңазытқышта тамақ бар!» деп айтып кетіңіз. Егер келгенде тамақ әлі орнында тұрса — құттықтаймын, күйеуіңіз — нағыз программист! Себебі ол Сіздің не айтып кеткеніңізді естімей де қалған…
Жасап жатқан дүниесінің қиын тұстарында сыраға сұранысы арта бастайды. Бұған ішімдік ретінде емес, отын ретінде қараңыз. Будақтатып көк түтін қылмас үшін, оның жұмыс үстелін мұржасы бар жерге орналастырған дұрыс. Мысалы, ас бөлмедегі газ плитаның орнына…
Отыратын орындығы қаратопырақты жерге жақын болмағаны лазым. Әйтпесе бір айдан кейін күйеуіңіз тамыр жайып, бүршік атып тұруы да ғажап емес…
Жалпы, программисті таң қалдыратын дүниеде бірде-бір уақиға жоқ! Сондықтан оның назарын жаңалық айту арқылы аударамын деп, әуре болмаңыз. Сіздің құрбыңыз Әсия, күйеуіңіз үшін — қайсыбір программаның лақап аты ғана. Құда қайтыс болыпты дегеннен гөрі, Кнут қайтыс болыпты десеңіз, елең етуі мүмкін. Жалпы өлім дегеніңіз — программист үшін айнымалының логикалық мәні ғана…
Ал енді ай сайын шашын алдыру да жүз пайызға Сіздің мойныңызда! Әйтпесе, шашқа берген ақшаңызға бір қорап CD-R алып, ыржиып келіп тұруы мүмкін…

Ерлан Оспан, Азаннан — кешке дейінгі ITтірлік





Тегтер: Ерлан Оспан, иттірлік, ITтірлік

Құрметті қонақ, Сіз сайтқа тіркелусіз кірдіңіз.
Сайтқа тіркелуіңізді немесе өз атыңызбен кіруіңізді сұраймыз.

Пікірлер:

Пікір қалдыру
  • Тобы: Қолданушы
  • ICQ:

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 25.01.2011
  • Пікірлері: 6
  • Жаңалықтары: 3
^
Kuanchi[
шашың ұзын ба?

--------------------
  • Тобы: Қолданушы
  • ICQ:

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 13.10.2011
  • Пікірлері: 5
  • Жаңалықтары: 0
^
хахахахаха кулкім келіп отыр smile-03

--------------------
  • Тобы: Қолданушы
  • ICQ:

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 13.05.2011
  • Пікірлері: 56
  • Жаңалықтары: 2
^
smile-36 разговор жок, ризамын, керемет макала

--------------------
  • Тобы: Қолданушы
  • ICQ:

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 27.04.2011
  • Пікірлері: 3
  • Жаңалықтары: 0
^
axaxaxaxa negizi duris koi))) smile-52
  • Тобы: Қолданушы
  • ICQ: 67725668

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 5.01.2010
  • Пікірлері: 12
  • Жаңалықтары: 0
^
smile-03 duris ... aytilgan .
  • Тобы: Қолданушы
  • ICQ:

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 29.09.2011
  • Пікірлері: 11
  • Жаңалықтары: 0
^
мен оған келіспейм менде программистпін бірақ мен тек компьютерге беріліп кетпейм басқада жұмыстармен айналысамын, мысалы тоқ жағынан, миханика, стройка жағынан т.б. барлығы бірдей емесқой достар, ойланып жазыңдар, мысалы. бір балдар бар компьютерге қатты беріліп кеткен, олар компьютерден басқа нарсе ойламайды.....
  • Тобы: Модератор
  • ICQ:

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 14.04.2009
  • Пікірлері: 26
  • Жаңалықтары: 22
^
Arystan89, бауырым, бұл жәй әзіл ғой. Шындығында, программалаумен айналыатын адамдардың арасында аз сағат ұйықтайтын адамдар да бар) Бірақ, адам болған соң, қара күшке басып, екі аяқ, екі қолмен де еңбек ету керек.

--------------------
  • COOLON

  • 19 мамыр 2012 18:20
  • Тобы: Қолданушы
  • ICQ:

  • {awards} {awards-link}
  • Тіркелген күні: 3.12.2009
  • Пікірлері: 6
  • Жаңалықтары: 0
^
Қателесесің бауырым! 5 саусақ бірдей емес. Ал акша табу жағына келсек, қандай жолмен тапса да адал, өз күшімен тапса болғаны. Ал жұмыстан бос уақытында басқа да жұмыстармен айналысқаны жөн. Мен өзім бағдарламашыға оқимын және айтылған пікірлермен еш келіспеймін. Информациялық Технологиялар заманында бағдарламашы болу "элита" smile-15

--------------------
Хабарлама
Қонақ тобындағы қолданушылар, бұл жаңалыққа пікір жаза алмайды.