
2012 жылдың наурызында Facebook өзінің жұмысын мүлде тоқтатуы мүмкін.
Танымал Facebook әлеуметтік желісін жасаушы Марк Цукерберг сайтты басқару тым күрделеніп кеткендіктен, 2012 жылдың наурызында оның әлеуметтік желісі жұмысын тоқтататыны туралы мәлімдеді.
«Facebook бақылаудан шығып кетті, ал компанияны басқарудан келген стресс менің өмірімді талқандады. Мен бұған тоқтау салуға тиіспін», - деп мәлімдеді Марку Цукерберг Пало Альтодағы баспасөз мәслихаты кезінде, деп хабарлайды Фокус.ua weeklyworldnews.com қорына сілтеме жасап.
Цукербергтің сөзіне қарағанда, 2012 жылдың 15 наурызынан қолданушылар бұдан былай өзінің аккаунтына кіре алмайды. Facebook қолданушылары, сайып келгенде, әлеуметтік желісіз өмірге дағдылану үшін біраз уақыт беріліп отыр.
Дереккөзі: http://www.baq.kz/kaz/news/cat/3/7387
