
2015 жылға қарай Қазақстан әрбір азаматты кең жолақты Интернетпен қамтамасыз етеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Білім жүйесін ақпараттандыру» атты 5-ші Халықаралық форумда ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады.
«…Біз 4G жобасына қол жеткіздік, таяу уақытта жиілік осы технология жұмыс істейтін жерлерге қатысты нақты міндеттемелермен ақылы негізде Қазақтелекомға тапсырылады. Жол картасының арқасында бiз 2015 жылға қарай ҚР-ның әрбiр азаматын кең жолақты Интернетпен қамтамасыз етіп, оған қосылуға мүмкіндік бере аламыз. Алайда таңдауды халықтың өзі жасайды», - деп мәлімдеді ҚР Байланыс және ақпарат министрі.
«Қазірдің өзінде Қазақстан халқының 41 % Интернетті пайдаланады, аз уақыт ішінде біз қазақстандық Интернетті анағұрлым көп пайдалана бастадық – қазақстандық сайттарды көру саны 12,3 пайызға дейін ұлғайды», - деп атап өтті министр Жұмағалиев.
BNews.kz бұдан бұрын хабарлағандай, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 12 ақпандағы шешімімен төртінші буынның ұялы байланыс стандартын енгізу құқығы «Қазақтелеком» ақционерлік қоғамына берілді.
