Құрметті қолданушы! Сіздің қолданып отырған браузеріңіз Internet Explorer 6. Қазіргі таңда бұл браузер ескі және кейбір бейнелерді дұрыс көрсете алмағандықтан браузерге шектеу қойылған. Сол себепті, Сізге Internet Explorer 8 нұсқасын орнатуға кеңес береміз.
 

  Тақырып   Авторы Жауаптар Қаралды Жазған уақыты
Телефонга арналган программалар 170mektep 14 1629 Кеше, 23:48
BookMaker 170mektep 3 155 Кеше, 23:41
ҰБТ 2012 ж arinaz 143 4310 Кеше, 23:03
дайын шаблон бар PSD ағылшынша қазақшаға... redbull 5 353 Кеше, 18:07
Комек e.nagmetulla 0 18 Кеше, 16:53
касперски кілт Konak 19 569 19:28, 21.05.2012
EPSON T50 принтериндеги акау Абикон 6 292 15:27, 19.05.2012

SoftZONE.kz сайты » Жаңалықтар » Қазақтан үш дүркін әлем чемпионы шықпады...

Қазақтан үш дүркін әлем чемпионы шықпады...

Авторы: darmen Орналастырған күні 13-10-2011, 16:36
  • 85

Бокстан Бакуде өткен әлем чемпионаты аяқталып, қазақтың қайыс қолғапты қырандары төрт медаль олжалап қайтты. Екеуі күміс, екеуі қола...

smile-60 smile-61


Бұл жолы боксшыларымыздың дайын­дығы ойдағыдай болып, спорттық баптарына келгендей де еді. Бірақ жігіттеріміздің бағы жанбады. Әсіресе Серікке обал болды. Серік екі дүркін әлем чемпионы ғой. 2009 жылдан бері «қазақтан да үш дүркін әлем чемпионы шықса...» деген арман құ­шағында жүрміз. Осы жолы алтынмен апталып, күллі Алашты қуанышқа бөлейтіндей жөні бар еді. Сонда ол алты дүркін әлем чемпионы болған Феликс Савонның отандастары Теофило Стивенсон, Ангел Геррера, Роберто Баладо және Одландер Солис секілді бокс жұлдыздарымен бір қатарға тұрар еді. Төртеуі де – үш дүркін әлем чемпиондары болған Кубаның қарымды қа­быландары. Енді Серік 2013 жылғы әлем чемпионатына бара ала ма, жоқ па, оны Жаратқан иеміздің өзі ғана біледі. Яғни біз осындай тамаша мүмкіндікті жіберіп алдық...

Редакцияға бірнеше адам телефон шалып, хабарласты. Бәрі де қарапайым жан­күйерлер. «Қарақтарым-ау, төреші­лердің Серікті бірде-бір рет жақсылап ұра алмаған Тарас Шелестюкке жеңісті ұстатып жібергендері несі?» деп таусыл­ғандары да бар. Әйтсе де біз «жасыма, Серік, есесіне сенде әлем чемпионаты­ның бүкіл медальдары бар» демекпіз. Сә­пиев әлем чемпионат­тарынан екі алтын (Мяньянг-2005 және Чикаго-2007), бір күміс (Баку-2011), бір қола (Милан-2009) жеңіп ал­ған. Әрі жанқалтасында Лондон Олим­пиа­дасының лицензиясы бар. Енді осы жолдамасы Олимпиада алтынына айналсын дейміз.

Жасырып қайтейік, Бакудегі әлем чемпионатынан кейін «бұл қалай, бокс әлі бы­лығынан арылмаған ба?» деп таң-тамаша болдық. Осы әлем чемпионаты алдында «Әзірбайжан AIBA-ға Лондон Олимпиада­сының екі алтыны үшін 9 миллион АҚШ долларын аударыпты» деген сөздер желдей ессе, Бакуде AIBA төрешілері украин Василий Ломаченконы қарсыласына жығып беріп, іле-шала оны келесі кезеңге шығарды. Яғни шешімдерін өзгертіп, өз беделдеріне селкеу түсірді. Кейінгі жылдары әлем тұрмақ, Еуропада топ жара алмай жүрген Украина жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Дербес мемлекет ретінде бұған дейінгі әлем чемпионаттарында бір-ақ алтын алған ел Бакуде бәрінен асып түсті (2009 жылы Ломаченко алғаш рет Украинаға алтын сыйлаған). Ал әр құрлықтың беткеұстарлары, яғни Куба (Америка), Ресей (Еуропа), Қазақстан және Қытай (Азия) Украина боксшыларынан едәуір қалып қойды. Былтыр ғана емес пе еді, Украина боксшылары Қазақстан кубогы аясындағы жекпе-жектерде кей­бір облыстарымыздың намысын қорғап, қазақтың күрзі жұдырықты жігіттерінен таяқ жеп жүргені... Ал биыл әлем чемпионатында бірінші орын алып отыр. Төрт бірдей саф алтынды қанжығаларына байлады. Бір күмістері тағы бар. Ал біздің боксшылар осы Украина ұландарынан кем бе еді?! Жоқ әлде, бар кінә AIBA төрешілерінің әділетті болмауында ма?

Әлде біздің құраманың көз тіккені Лондон Олимпиадасы ма? Бұл жолы бізге алтыннан гөрі Олимпиада жолдамалары қымбат болған шығар. Әйтпесе қазір төрт құбыламыз түгел сияқты еді. Боксшыларымыз қарымды, бапкерлеріміз білікті, басшыларымыз AIBA-ның Атқару комитетінде, тіпті AIBA додаларын өткізетін демеу­ші де бізден. Не де болса әліптің артын бағайық...

Қазақтан үш дүркін әлем чемпионы шықпады...
Қазақтан үш дүркін әлем чемпионы шықпады...


Жаңалықты өзгерткен: darmen - 13-10-2011, 16:42
Себебі: Сурет түзетілді






Тегтер: DaR[MEN]

Құрметті қонақ, Сіз сайтқа тіркелусіз кірдіңіз.
Сайтқа тіркелуіңізді немесе өз атыңызбен кіруіңізді сұраймыз.

Пікірлер:

Пікір қалдыру
Хабарлама
Қонақ тобындағы қолданушылар, бұл жаңалыққа пікір жаза алмайды.