Құрметті қолданушы! Сіздің қолданып отырған браузеріңіз Internet Explorer 6. Қазіргі таңда бұл браузер ескі және кейбір бейнелерді дұрыс көрсете алмағандықтан браузерге шектеу қойылған. Сол себепті, Сізге Internet Explorer 8 нұсқасын орнатуға кеңес береміз.
 

  Тақырып   Авторы Жауаптар Қаралды Жазған уақыты
Телефонга арналган программалар 170mektep 14 1629 Кеше, 23:48
BookMaker 170mektep 3 155 Кеше, 23:41
ҰБТ 2012 ж arinaz 143 4310 Кеше, 23:03
дайын шаблон бар PSD ағылшынша қазақшаға... redbull 5 353 Кеше, 18:07
Комек e.nagmetulla 0 18 Кеше, 16:53
касперски кілт Konak 19 569 19:28, 21.05.2012
EPSON T50 принтериндеги акау Абикон 6 292 15:27, 19.05.2012

Сіз қандай браузер қолданасыз?

Mozilla Firefox - 5 (26.32%)

Opera - 2 (10.53%)

Google Chrome - 10 (52.63%)

Internet Explorer - 2 (10.53%)

Басқа - 0 (0%)


Google Chrome

Авторы: Ruslannnn Орналастырған күні 24-06-2009, 21:47
  • 85
Google Chrome

Google жақсы жағынан таң қалдыруға шебер. Біз IE, Firefox және басқа да браузерлердің "соғысын" көріп үйреніп қалғанбыз ғой... Ал, Google болса, анонс жасап, дәл келесі күні аталған браузерлерге бәсекелес болуға шамасы жететін өнім жасап шығарады. Google компаниясы бұл браузерді жүз елде шығаратынын мәлімдеген еді, сондықтан, бұл браузердің кемінде, орыс тілінде шығатынын күткенбіз. Ал, Google болса, бұл браузерді орыс тілінде де шығарып қана қоймай, браузердің функцияларын толық сипаттап, олардың кейбіреуін Youtube роликтерінде көрсететін толыққанды көмек көрсету порталын іске қосты.

Браузерді жүктеп алуға тырысқан кезде, алдымен көлемі 500 KB болатын файл ұсынылады. Ерте қуанбаңыз, бұл файл - браузердің толық инсталляторы емес, оны интернеттен жүктеуге арналған "жолсерік" қана. Инсталлятордың толық алатын трафигі шамамен 8.6 Мбайт болды. Жалпы алғанда, бұл көлем де қазіргі браузерлердің шегінде жатыр, әйтеуір, IE8 алатын 16 MB трафиктен жақсы. Орнату процессінде, негізгі браузер ретінде орнату және IE/Firefox браузерлерінен опцияларды импорттау туралы сұралады.



Google Chrome




Алғашқы әсер жаман емес - таза, ұқыпты, артық ештеңе жоқ. Оң жақта соңғы ашылған файлдар тізімі, ал қарсы алдымызда - Операдан келген "Жылдам өту" функциясының плагиаты. Анықтап қараған кезде, Opera браузерінің толықтай көшірмесі емес екендігі байқалады. Бұл жерде пайдаланушы жиі кіретін сайттар динамикалық түрде енгізіледі, өзгерістер ағымдағы сессия кезінде енгізіліп отырады.


Google Chrome



"Жиі кіретін сайттар" астында бұрын кірген сайттар тізіміне - тарихқа өту ұсынылады. Бұл жерде де бәрі жақсы - қажетті сайттар жылдам табылады.


Google Chrome


Жоғарғы оң жақ бұрышта "Бүгінгі тарихты жою" опциясын байқап, конфиденциалды ақпаратты қорғау мәселесіне Google қалай қарайтынын ойланамыз. Бұл жерде де асып бара жатқан жаңалық жоқ - анонимді веб-серфинг үшін жеке терезе бөлінген, Ctrl-Shift-N бассақ, инкогнито режимінің жеке терезесіне тап боламыз, бұл жерде сайттарға кіру тарихы және cookies жазылмаса да, жүктелген файлдар сақталып қалады.


Google Chrome



Жүктеу туралы айтқасын, Google Chrome браузері арқылы жүктеу қалай ұйымдастырылғанын қаралық. Бұл жерде осы браузердің бірінші (соңғы десе де болады) жаман жағын көреміз. Сілтеме арқылы өткен кезде, жүктеу ешқандай сұраусыз, автоматты түрде басталады. Қауіпсіз емес? Солай деген дұрыс болар. Сонымен қатар, жүктеуге арналған сілтемені байқамай басып қойып, қажеті жоқ ондаған мегабайттың иесі болуыңыз мүмкін. Бірақ, жақсы жақтары да бар - жүктелген файлдар тарихы ішінен қажетті файлды іздеу қиынға түспейді.


Google Chrome



Іздеу туралы есімізге түскесін, іздеу панеліне ұқсас затты іздейміз - ол адрес қатарында орналасқан. Осы жерге өзіңізге қажетті сұрауды енгізіп, қажетті іздеу сервисіне өте аласыз. Сервистер ішінде Яндекс, Rambler, Google, Yahoo! (орысша) және Live Search бар.


Google Chrome



Интернет арқылы іздеу фунциясынан ашық тұрған парақта іздеу функциясына өтелік. Ctrl-F басып, жоғарыда шыққан енгізу панелін көреміз. Google нәтижелерді бірінен соң бірінен іздеп отырудан бас тартқандықтан, барлық табылған нәтижелер парақта басқаша түске боялады. Азғантай минус - таңдалған солғын сары түс нәтижелерді визуалды түрде табуға ең жақсы түс емес дер едім.


Google Chrome



Соңғы ерекшелік - Браузердің тапсырмалар диспетчері. Shift-Esc басып, немесе "Управление текущей страницей – Разработчикам – Диспетчер задач" арқылы ашуға болады. Қолданылатын жады, процессор ресурстары, барлығы орнында.


Google Chrome



Сонымен қатар, сисадминдерге арналған кеңейтілген нұсқа бар.

Алғашқы қорытындыларды жасайтын болсақ, Google компаниясына қазіргі заманғы, артық функциялары тым көп емес браузер құрудың сәті түсті. Бұл браузер, Google компаниясының мүмкіндіктерін ескеретін болсақ, Opera, Mozilla және IE браузерлеріне мықты бәсекелес бола алады.


Мақала http://news.techlabs.byl сайтынан аударылды.


Версиясы: Ең соңғы версия
Ескерту! Сізге жасырын мәтінді қарауға рұқсат жоқ, қарау үшін тіркелуіңіз немесе өз атыңызбенкіруіңіз қажет.





Тегтер: Браузер

Құрметті қонақ, Сіз сайтқа тіркелусіз кірдіңіз.
Сайтқа тіркелуіңізді немесе өз атыңызбен кіруіңізді сұраймыз.

Пікірлер:

Пікір қалдыру
Хабарлама
Қонақ тобындағы қолданушылар, бұл жаңалыққа пікір жаза алмайды.