| X-myRzA |
Пікір #1
|
![]() Сержант
Репутация: 6 Тобы: Әкімшілік Пікірлері: 981 Рахмет қоржыны: 110 Тіркелген күні: 14.02.2009 ICQ: |
«Қазақтелеком» АҚ айдың басынан бастап, Megaline Mobile 3G брендімен интернетке қосылу географиясын кеңейтті. Енді Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Ақтау, Атырау мен Ақтөбе тұрғындары қызметті жаңа тарифтермен пайдалана алады. «Қазақтелекомның» басқа да қызметтеріне осы сияқты пакетпен қосылуға басымдық берілген. Бұл туралы Алматыда аталған қызмет түрін халыққа кеңінен таныстыруға арналған жиында «Қазақтелеком» АҚ-ның сату жөніндегі басқарушы директоры Тимур Бұламбаев айтты. Нұрмұхаммед Мамырбеков Оның сөзіне қарағанда, телекоммуникация, кең жолақты сымсыз қатынау қызметі бойынша әлемдік нарыққа шыққан компания, бүгінгі таңда өнімдерімен Қазақстан халқын қуантып отыр. Соның бір дәлелі – USB-модемді пайдалана отырып, Megaline Mobile 3G брендімен интернетке қосылу қызметі. «Құжатта Megaline Mobile 3G қызметін көрсету үшін дәстүрлі CDMA-протоколының кеңейтілген заманауи EV-DO (3G) технологиясын пайдаланатыны айтылады. Интернетке сымсыз қосылудың аталған жобасын «Қазақтелеком» «АЛТЕЛ» АҚ-пен бірге, CDMA стандартындағы ұялы байланыс желілеріндегі мәліметтерді жіберу үшін пайдаланылатын EV-DO технологиясының негізінде іске асырып отыр. EV-DO технологиясы интернетке кең жолақты Megaline қосылудың қазіргі бар қызметтерін ұялы байланыс абоненттеріне де көрсетуге дейін кеңейтеді», – дейді ол. Қазіргі күні бұл қызмет түрін екі-үш мыңға жуық алматылықтар пайдалануда. Қызметтің ең басты артықшылығы – тұтынушының жылдам интернетке қосылуды былай қойғанда, жеңіл әрі ыңғайлы модемнің арқасында емін-еркін қозғалуға, төлемдерді бақылауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ тұтынушы жеке төлемдер бойынша түрлі ән, бейнежазбаларға тапсырыс бере алады. Бір сөзбен айтқанда, кең жолақты сымсыз қатынау қызметінің бұл түрі тұтынушылардың барлық сұранысын қанағаттандыруы керек. «Бұл жобаны қолға алғаннан бастап, біз оны барлық тұтынушыға қолжетімді, тиімді болатындай етіп жасауды жөн көрдік. Соның арқасында қазір қызмет түрін пайдаланушылардың саны күннен-күнге артып келеді. Қазіргі күні «Қазақтелекомның» Megaline қызметтерінің пайдаланушылар саны 600 мыңнан асып жығылады. Демек, біздің жобаны кеңейтуге де мүмкіндік мол», – дейді компания өкілдері. Жобаны іске асырудың алғашқы алаңы Алматы болып саналады. Қазір қалада арнайы 15 стансы жұмыс істейді. Әрбір стансыны орнатуға шамамен 150 мың АҚШ доллары жұмсалған. Желі жабындысы қаланың солтүстік бөлігінде шекарадан асырыла орнатылған, ал қалған бөлігінде тұтынушылар қызметті шекараға ғана дейінгі жерлерде пайдалана алады. Компания өкілдерінің сөзіне қарағанда, аталған қызметтің бағасы абоненттер үшін де қолжетімді. Қазіргі уақытта республикада EV-DO-ның 53 базалық стансысы орнатылған. 2011 жылы қызметті Қазақстанның басқа да облыс орталықтарында көрсету жоспарлануда. Тимур БҰЛАМБАЕВ, «Қазақтелеком» АҚ-ның сату жөніндегі басқарушы директоры: – Клиенттердің қажеттігінің артуымен бірге және кең жолақты қосылудың интеграциялануымен біз қызмет түрлерін кеңейтпекшіміз. Классикалық сыммен қосылған Megaline пайдаланып жүрген абоненттер USB-модем арқылы өзінің пакетін ұялы байланыс арқылы қосылумен толтыра алады. Сөйтіп, біз интернетке қосылудың екі технологиясын бір Megaline брендінде интеграцияладық. Жыл соңына дейін біз абоненттердің санын үш есеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Әрине, қызмет түрінің дамуы ел ішіндегі жағдайларға байланысты. Мәселен, егер инвестициялық ахуалымыз жақсы болса және ақпараттық технологияларымыз дамитын болса, Megaline Mobile 3G қызметінің ауқымы кеңейе түседі. Александр ФОМЕНКО, тұтынушы: – Маған Megaline Mobile 3G қызметі өте ұнайды. Тарифі де жоғары емес, сапасы да өте жоғары. Әсіресе модем жұмыс істеуге өте ыңғайлы етіп жасалған. Болашақта басқа өңірлерде осы қызмет кең тарайтын болса, құба-құп болар еді. Қызмет түріне қатысты ешқандай уәжім жоқ. Қажет мәлімет: Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін мынадай тарифтік жоспарлар ұсынылады: Megaline Mobile Start, Megaline Mobile Plus, Megaline Mobile Econom, сондай-ақ пакеттік қосылу Megaline Connect. Сыммен қосылатын Megaline Hit пен сымсыз Megaline Mobile-ні пакетпен қосқан кезде, абонент қызметті тиімді шартпен пайдаланып, республиканың осындай қызмет қосылған әр қаласында байланыста бола алады. Бұл жағдайда үнемдеу 2000 теңгеден асады. 2010 жылдың мамырынан Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Ақтау, Атырау мен Ақтөбе абоненттері үшін USB-интерфейсімен EVDO (3G) модемі компания филиалдарында арнайы Т5 мың бағамен және Megaline Mobile Econom тарифтік жоспары бойынша ерекше шартпен сатылатын болады. Бұл ретте модем инсталяциясы қарапайым, ал модемді күйге келтіру жинақтамаға бірге қосылып беріледі. «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның ірі байланыс операторы болып табылады. Компания акцияларының бақылау пакеті (51%) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ға тиесілі. Алаш айнасы -------------------- DeLL XPS 16, i7 1.6, 4G, HD 1G, 640G; Ubuntu 11.04 x64, Windos 7 SP1 x64; |
| raqe |
Пікір #2
|
![]() Қатардағы жауынгер
Репутация: 0 Тобы: Қолданушы Пікірлері: 0 Рахмет қоржыны: 0 Тіркелген күні: 29.03.2010 ICQ:-- |
ЭХХХ Шымкентке кашан келетин екен(((( |
![]() ![]() |
| Қазір: 10 ақпан 2012 01:57 |